Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай бірқатар сала мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады. Жиында облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға, адал әрі жауапты еңбекті қоғамда кеңінен дәріптеуге бағытталғанын атап өтті.