Ақтауда, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған "Ақ қанат" ерте оңалту орталығы ашылды. Орталық бір жасқа дейінгі бөбектен бастап, 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған. Заманауи кабинеттермен жабдықтылған ғимарат ішінде, ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын арнайы бөлме жасақталған.