Жаңа жыл қарсаңында өңірдегі спорт саласының үздіктері мен ауыл мектептері олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай спорт саласында жоғары жетістікке жеткен спортшыларды және ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттады.