Қызанда өрт сөндіру пункті ашылды. Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ғалымжан Ниязов жаңа өрт сөндіру пунктінің ауыл халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, өрт сөндіру пункті төтенше жағдайлардың алдын алуға және жедел әрекет етуге үлкен мүмкіндік беретінін айтты.