Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен кезекті палата отырысында сенатор Бекбол Орынбасаров депутаттық сауал жолдады. Сенат депутаты екі жыл бұрын Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті нығайту мен төл тарихтың маңызын айрықша атап өткенін еске салды.