Енді несие алып, қарызға батқандардың құқығы заң жүзінде қорғалады. Елде қаржылық омбудсмендер қызметі іске кіріскелі отыр. Олар азаматтар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауды сотқа жеткізбей реттеуге көмек береді. Бұл ретте омбудсмен қабылдаған шешімді қос тарап яғни, қарыз алушы да, несие беруші де орындауға міндетті. Сондай-ақ дәлелденбеген, мән-жайы анықталмай жолданған өтініштер қаралмайды.