Ұштаған ауылындағы би үйірмесі - жас таланттардың өнерге деген алғашқы қадамына жол ашқан маңызды орта. Мұнда балалар ұлттық және заманауи билерді меңгеріп, сахна мәдениетін қалыптастыруда. Қазіргі таңда «Үлгілі Қызғалдақ» би ансамблінде 27 биші өнер көрсетсе, «Балауса» би тобында 29 бала тұрақты түрде дайындықтан өтуде.