Транскаспий бағытында контейнерлік тасымал көлемі жылына 300 мың жиырма футтық эквивалентке жеткізіледі. Бұл туралы Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымы конференциясының 40-отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Транскаспий бағыты - біздің теңдессіз басымдығымыз. Мемлекет басшысы бұл жобаға айрықша мән береді.