Бейнеудегі Бердіхановтар әулетінің шаңырағында кітап - басты құндылық. Бұл отбасылық кітапханада 3000-ға жуық кітап қоры жинақталған. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған ардагер ұстаздың кітапқа деген құрметі ерекше. Бүгінде зейнет жасындағы кейіпкеріміз оқудан қол үзбей, әлі күнге дейін кітап сатып алудан жаңылмаған.