Жаңаөзендік SAKTAGAN ACADEMY командасы футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 24 команданың арасынан суырылып шыққан спортшылар күміс жүлдеге ие болды. Бұл жетістік - табандылық пен жүйелі дайындықтың айқын көрінісі.