23 сәуір-Түркияда Ұлттық егемендік және балалар мерекесі ретінде тойланады. Бұл күні бүкіл ел аумағында ауқымды салтанатты шаралар ұйымдастырылып, балаларға ерекше көңіл бөлініп құрмет көрсетіледі. Осы, атаулы күн қарсаңында Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында, мерекелік кеш өтті.