Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Түпқараған ауданында медицина және білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әлеуметтік салалардағы ашықтықты арттыру мәселелері талқыланды.