Ыстық су жоқ, ойын алаңының құрылысы толық аяқталмаған, аумақта иесіз құбырлар жатыр. Осындай мәселемен Ақтаудағы Шығыс-2 шағынауданының 379 және 380 тұрғын үйлерінің тұрғындары арнамызға шағымданды. Олардың сөзінше, бірнеше өзекті мәселе ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келеді.