Маңғыстау телеарнасы мен «Шипагер» шипажайы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңі қорытындыланды. Алғашқы кезеңде қатысушыларға шипажайда бір күн тегін демалу мүмкіндігі берілген болатын. Ал екінші кезең шарты бойынша демалушылар арнайы видео түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялады.