Бүгін Қазақстанның барлық мектептерінде 2025-2026 оқу жылы ресми түрде аяқталды. Облысымыздың қала-аудандарында да жас түлектер алтын ұя мектебімен қоштасты. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданына қарасты Қызылөзен ауылына арнайы барып, жас түлектерге ақ жол тілеп, сәттілік тіледі.