Маусым айының үшінші жексенбісі Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған байланысты Жаңаөзен қаласында салтанатты шара өтіп жатыр. Мұнда мереке иелерінің ел игілігі жолында атқарып жатқан еңбектері айтылып, қырыққа жуық дәрігер денсаулық сақтау министрінің, облыс және қала әкімінің алғыс хатына ие болды.