Венгрияда қазақтың өнері мен мәдениеті насихатталды. Көрерменге «Қазақстан: Ұлы дала сарыны» атты мәдени бағдарлама ұсынылды. Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би тобы ұлттық өнердің озық үлгілерін сахналап, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын таныстырды.