Бүгін арнамыздағы "Аралайық" бағдарламасының жүргізушілері Сайын Шапағатов ауылында түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар ауылдағы бірнеше әлеуметтік нысан жұмысымен танысып, алдағы уақытта халық игілігі үшін жасалатын жобалар жөнінде білуге тырыспақ.