Ақтауда Киікбай Рзаханов пен Тарас Хитуов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан, жергілікті атқарушы органдарда абыройлы қызмет атқарған, ел-жұртының құрметіне бөленген қоғам қайраткері, Түпқараған ауданы және Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы Киікбай Рзахановтың рухына тағзым етіліп, өмірінің соңғы жылдарында тұрған мекенжайына мемориал тақта қойылды.