Маңғыстауда балалар қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл мәселе облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында қаралды. Жиында биыл өңірде балалардың терезеден құлауына қатысты бірнеше оқиға тіркеліп, оның үшеуі қайғылы жағдаймен аяқталғаны айтылды.