Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы жер көлемі 59 мың гектарды құрайды. Оның 29 мың гектары сексеуілмен көмкерілген. Аймақта шөлейттенуге қарсы күрес пен табиғи тепе-теңдікті сақтау мақсатында сексеуіл егу жұмыстары жыл сайын жүйелі түрде жүргізіледі.
Бейнеуде сексеуіл алқабы жыл сайын ұлғайып келеді