Ақтауда 41 жастағы ер адам 33 келіден астам марихуана салынған сәлемдемені алып жатқан сәтінде ұсталды. Арнайы операцияны Батыс Қазақстан облысының полицейлері Маңғыстау облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген. Тергеу мәліметінше, күдікті Жамбыл облысынан еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған.