Маңғыстауда биыл суға бату деректері күрт көбейді. Шомылу маусымы басталғалы Каспий теңізінде 9 адам көз жұмды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе көп. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі суға түсуге тыйым салынған әрі жабдықталмаған жағалауларда болған. Өңірде шомылуға рұқсат етілген 45 орын бар. Ал 10 қауіпті аумақта суға түсуге қатаң тыйым салынған.