Жаңа конституцияда айқындалған «Заң мен Тәртіп» қағидаты - құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі. Маңғыстаулықтардың айтуынша, бұл қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік береді.