Маңғыстау ауданындағы Ақшымырау ауылында белсенділердің бастамасымен тарихи жер-су атауларын қайта жаңғырту бағытында тағылымды шара өтті. Іс-шара барысында ауыл ақсақалдары өңірдегі жер-су атауларының шығу тарихын баяндап, олардың ұлттық құндылықтарды сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізудегі маңызын атап өтті.