Бейнеу ауданының Сыңғырлау ауылында көпке үлгі болған мерейлі шаңырақ бар. Ол - Тастемір әулеті. Берекесі мен бірлігі жарасқан отбасы көпбалалылығымен қатар еңбекқорлығымен де елге танылған. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беретін әулет ауыл тұрғындарының зор құрметіне ие.