Ақтаудағы «Өнер» мектебі мұғалімдерінің жалақысы мен демалыс ақысы төлене бастады. Бұған дейін ұстаздар еңбекақының уақытылы берілмеуіне байланысты мәселе көтерген болатын. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, білім ордасында 124 педагог еңбек етеді. Оның 40-ы 15 маусымнан бастап еңбек демалысына шыққан.