Енді кез келген адам электросамокатты жүргізе алмайды. Өйткені бүгіннен бастап жалға берілетін электрсамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді әрбір жалға берілетін электрсамокатқа тіркеу нөмірі беріліп, осылайша заң бұзған электрсамокаттар камералар арқылы анықталатын болады.