Іздеу тоқтаған жоқ. Үміт те үзілген емес. Өзінің туған күнінде Каспийде шомылып жүріп із-түссіз жоғалған Азамат Дүйсехановты табуға күн сайын жаңа күштер қосылып жатыр. Құтқарушылармен бірге еріктілер және балық инспекциясының қызметкерлері де теңізден де, жағалаудан да іздеп жатыр.