Құланды ауылындағы Аққанат атшабарында Маңғыстау атбегілерінің ұйымдастыруымен ат бәйгесі өтті. Тай, құнан және аламан бәйге бойынша өткен ат жарысына өңірдің қала және аудандарынан жүйріктер қатыстырылды.Алдымен жиылғандар он төрт тай қосылған бәйгені тамашалады.