Ақтауда әйел педагогтерге арналған "STEM HANYM" жобасының офлайн оқыту кезеңі басталды. STEM- білім беруді дамытуға бағытталған бағдарламаға өңірімізде мыңнан астам педагог онлайн платформа арқылы білім алып, іріктеу кезінде жоғары нәтиже көрсеткен 300 мұғалім офлайн кезеңге жолдама алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба әсіресе ауылдық өңірлердегі әйел мұғалімдерді заманауи білім беру әдістемесімен таныстыруды көздейді.