Қазақстанда алаяқтар енді өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін қолдана бастаған. Ведомствоның мәліметінше, қаскөйлер алдымен жұмыс орындарына жалған тексеру жүргізілетіні туралы ресми құжатқа ұқсас хабарламалар жібереді.