Жас теңізшілер жеңісі
Қазақстан Әскери-теңіз күштері жанындағы «Жас теңізшілер» әскери-патриоттық клубының мүшелері «Айбын» атты XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында үздіктер қатарынан көрінді. Щучинск қаласында өткен жарысқа ең мықты 53 команда қатысты. Командалық есепте Маңғыстау облысының өкілдері үшінші орынды иеленді.