Инватаксиге сұраныс жоғары
Жаңаөзенде инватаксиге сұраныс жоғары. Күніне қызметке тоқсанға жуық өтінім түседі.Арнайы көлік мүмкіндігі шектеулі жандарды емханаға, оңалту орталығына, білім беру ұйымдарына, тіпті жұмыс орнына дейін жеткізеді.Қазір бұл қызметті қала мен оған іргелес елді мекендерден 160-тан астам тұрғын пайдаланады.