Негізгі Жаңалықтар 24 сағат тоқтаусыз жүзген параспортшы

24 сағат тоқтаусыз жүзген параспортшы

Ақтауда параспортшы Қуаныш Асқар 24 сағат бойы тоқтаусыз жүзу сынағын сәтті аяқтады. Ол, тәулік ішінде үздіксіз жүзіп, шамамен 50 шақырым қашықтықты еңсерді. Бұл сынақ оның  физикалық дайындығымен қатар, психологиялық төзімділігін де сынға салды. Спортшы үшін ең қиын сәттердің бірі - түнгі уақыт. Бірнеше сағат бойы суда болғаннан кейін ағзасы шаршап, демалуды талап еткен. Алайда мұндай сәтте басты сынақ қашықтықты бағындыру емес, өз-өзіңді жеңіп, алға қарай ұмтылу болды  дейді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар