Қалдықты кәдеге жаратқан шебер
Кейде қажетсіз қалдық саналған мата қиындысы кәдеге жарап, жаңа бұйымға айналады. Ақтаулық эко - волонтер, әрі қолөнер шебері Айдана Жанбосынова бірнеше жылдан бері мата қалдықтарын сұрыптап, пайдаға асырып жүр. Шебер сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықты да пайдалы дүниеге айналдырады.