Негізгі Жаңалықтар Қоғамдық көліктер тегін қатынауда

Қоғамдық көліктер тегін қатынауда

Саяси науқанға орай бірқатар өңірде қоғамдық көліктер тегін қатынап жатыр. Мұндай жеңілдік кей аймақта тәулік бойы берілсе, кейбірінде белгілі бір уақытта ғана қолданылады.Маңғыстау облысында да сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалған.Бүгін жолаушылар қалаішілік және ауданішілік бағыттарда қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады.Бұл бастама тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетіп, өз таңдауын жасауына мүмкіндік береді.Әсіресе шалғай елді мекендерден қатынайтын және қоғамдық көлікке тәуелді азаматтар үшін бұл - маңызды қолдау.Қоғамдық көліктің тегін қатынауы сайлаушылардың белсенділігін арттырып, дауыс беру учаскелеріне баруын жеңілдетуге бағытталған. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар