«Бейнеу - Сексеуіл» жолы: ақсақалдар президентке ризашылығын жеткізді
Елдің көлік қатынасын жақсартып, өңірлер арасындағы байланысты нығайтатын ірі жобалардың бірі - «Бейнеу - Сексеуіл» автожолының құрылысы. Маңызды бастамаға қолдау білдірген Бейнеу ауданының ақсақалдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, ризашылықтарын жеткізді. Үндеуге мыңнан астам бейнеулік қол қойған. Олар бұл жолдың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Ақсақалдардың айтуынша, жаңа автожол шалғай аймақтардың әлеуетін арттырып, халыққа жаңа мүмкіндіктер ашады дейді.