Қоғамдық көлік тегін қатынайды
23 тамыз - Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтетін күні Маңғыстау облысы бойынша қоғамдық көлікпен жүру тегін болады. Бұл шешім тұрғындар мен қала қонақтарының сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне және қоғамдық көлікті қолайлы пайдалануына жағдай жасау мақсатында қабылданған. Сайлау күні Маңғыстау облысындағы қалалық және ауылішілік барлық бағыттарда жолаушылар тегін қатынай алады. Алайда жеңілдік Ақтау қаласын аудан орталықтарымен байланыстыратын тұрақты ауданаралық және қалааралық бағыттарға қолданылмайды. Яғни аталған бағыттар бойынша жолаушылар белгіленген тарифке сәйкес жолақы төлейді.