Ақтауда жылу қазандықтарының дайындығы тексерілді
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қаладағы бірқатар жылу қазандықтарының жай-күйімен танысты. Алдымен шаһар басшысы 1500 пәтерлі 13 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етіп отырған үш резервтік қазандықтың дайындығын тексерді. Жауапты мамандар қазандықтардың техникалық жағдайы мен жылу маусымына әзірлігі туралы баяндады. Қала әкімі жылу беру нысандарындағы дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, қазандықтардың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.