Ұштағанда «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Ұштаған ауылындағы Асқар Өтепбергенов атындағы мектепте полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Бұл - генералдың өзі түлеп ұшқан қара шаңырақ. Ол 1984-1992 жылдары осы мектепте оқып, үлкен өмірге алғашқы қадамын жасаған. Енді бұл білім ордасында жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беріп, полиция қызметінің қыр-сырын танытатын арнайы сынып жұмыс істейді. Салтанатты шараға қатысқан Сағындық Аяғанов оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сыныптың тәрбиелік мәніне тоқталды