Негізгі Жаңалықтар Ақтауда үздік сарбаздар марапатталды

Ақтауда үздік сарбаздар марапатталды

Ақтауда үздік сарбаздар марапатталды

Ақтауда «Рухты сарбаз» әскери-патриоттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шараның мақсаты - жас әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әскери қызметтің беделін арттыру. Дәстүрлі додаға өңірдегі әскери бөлімдерден іріктелген 20 сарбаз қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды. Жас жауынгерлер әскери өмірді бейнелейтін бейнероликтер ұсынып, ән, күй, терме, би және көркемсөз бағыттарында өнер көрсетті. Ал «Сарбаздың хаты» кезеңінде қатысушылар ата-анасы мен жақындарына арнаған жүрекжарды хаттарын оқыды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар