Табиғи сүт өнімдеріне сұраныс артып келеді
Ақшұқыр ауылында мал шаруашылығын кәсіпке айналдырған шаруашылықтардың қатары артып келеді. Соның бірі - ешкі өсіріп, одан сүт өнімдерін өндіретін «Ерке лақ» шаруашылығы. Кәсіп иелері өндірісті біртіндеп дамытып, тұтынушыларға табиғи өнім ұсынуды мақсат еткен. Бүгінде шаруашылық өз өнімдерін нарыққа шығарып отыр.