Маңғыстаудағы көпсалалы шаруашылық
Маңғыстаудың қуаң климаты шаруашылық жүргізуде ерекше тәсілді талап етеді. Мұнда жер мен суды тиімді пайдалану маңызды.Осындай табиғат жағдайында Ыбырай Құлжанов 26 жылдан бері шаруашылығын дамытып келеді.Ол мал мен құс өсіріп, жемшөп дақылдары мен жеміс-жидек бағын баптайды.Енді шаруашылық иесі өз өнімін дайындайтын жемшөп цехын іске қосуды жоспарлап отыр.