Қызылсай ауылының даму барысы талқыланды
Қызылсай ауылының әкімі тұрғындар алдында есеп беріп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады. Жиынға Жаңаөзен қаласының әкімі де қатысты. Қала іргесіндегі ауылда бүгінде 7 мың 869 адам тұрады. Кездесуде ауылдың тыныс-тіршілігі мен алдағы міндеттер талқыланды.