Жастар форумы
Мемлекеттік қызмет - жауапкершілік қана емес, кәсіби дамуға жол ашатын мүмкіндік. Бүгін Есенов университетінде «Елге қызмет ету: жауапкершілік пен мүмкіндік» атты жастар форумы өтті. Жиында студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу жолдары түсіндіріліп, жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер мен мансаптық өсу перспективалары таныстырылды.