Тозығы жетсе де апатты деп танылмаған
Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында ескі үйлердің тозығы жеткен. Тұрғындардың айтуынша, баспаналардың қабырғасы сөгіліп, едені шөгіп жатыр. Әкімдік жөндеу жұмыстарын жасап берейін десе бюджеттен қолдау таппай, инвесторлар мойнына алмай, сарапшылар апатты танымай отыр екен. Үнемі өздері жөндеу жүргізуден қажыған жұрт 1988-ші жылдан бері жөндеу көрмеген үйде тұру қауіпті деп, жаңа баспана беруді талап етеді.