Несие алып беремін деп сан соқтырған
Кәсібін кеңейтіп, тұрмысын жақсартуды көздеген кәсіпкерлер алаяқтың арбауына түскен. Мемлекеттік қолдау аясында несие алып беруге уәде еткен күдікті олардың сеніміне кіріп, қомақты қаржысын қалтаға басқан. Одан зардап шеккендердің қатарында көршілері де бар. Енді тұрғындар қарызға батып, әбден тығырыққа тірелді. Алданып, сан соғып қалғандар не істерін білмей, абдырап қалған. Олар енді шығынның орнын қалай толтырмақ?