ЖИ кабинеттері ашылды
Политехникалық колледжде студенттердің заманауи технологияларды меңгеруіне арналған шеберханалар ашылды. Жаңа кабинеттер әзірге өңірдегі өзге оқу орындарында жоқ. Шеберханалар «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллект» тақырыбындағы семинар аясында таныстырылды.