Тойға сұраныс артты ма, азайды ма?
Той - қазақтың қазынасы. Ата-ана бала дүниеге келген күннен бастап, әр кезеңдегі қуанышын дүбірлетіп жасағысы келеді. Бірі 500 адам шақырса, енді бірі шағын отырыспен шектелгенді жөн көреді. Дегенмен сол қуанышты атап өту үшін қарызға батып, несие алу қаншалықты орынды? Ал үлкен тойларға деген сұраныс әлі де жоғары ма?